Жарнама
Жарнама

Алексей Щеткин Қазақстан құрамасының қыркүйек айындағы матчтарына қатыспауы мүмкін

22.08.2021, 00:33
Оның орнына қосалқы құрамдағы Абат Айымбетов келуі мүмкін.
Жарнама
Жарнама

Алексей Щеткин Катар-2022 турнирінің қыркүйек айындағы іріктеу ойындарына қатыспауы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бас бапкер Талғат Байсуфинов шабуылшыны тізімге қосқан. Алайда Ресейдің "Роторында" доп тебетін отандасымыз өз командасының негізгі құрамына ілігу мақсатында көбірек жаттығу жасағысы келетін секілді. Сол үшін футболшы құраманың оқу-жаттығу жиындарына келуден бас тартып отыр. Бұл туралы оқиғаға жақын дереккөз растап отыр. Сондықтан Щеткиннің орнына Талғат Маруаұлы қосалқы тізімге іліккен Абат Айымбетовты алуы мүмкін.

Еске салайық, қыркүйек айында Қазақстан құрамасы Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина командаларымен кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров