Қазақстан құрамасының 31 жастағы шабуылшысы Алексей Щеткин краснодарлық «Кубаньға» ауысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Келісім-шарт 2023 жылдың жазына дейін есептелген. Шабуылшы ресейлік клубта 99-шы нөмірмен ойнайтын болады.
Алексей Щеткин - талдықорғандық «Жетісудың» тәрбиеленушісі. Қазақстанда «Атырау», «Тараз», «Ақтөбе», «Тобыл», «Астана» және «Ордабасы» командаларында ойнаған. Ел біріншілігінде 252 кездесу өткізіп, 63 гол соқты, 23 нәтижелі пас берді.
2021 жылдың қаңтарынан осы жылдың маусымына дейін ол волгоградтық «Ротордың» намысын қорғады (25 матч, 6 гол).
Щеткин Қазақстан құрамасы үшін 38 матч өткізіп, 3 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET