31 жастағы қазақстандық шабуылшы Алексей Щеткин «Ротордан» кетті, деп хабарлайды Transfermarkt порталы.
Аталмыш сайттың хабарлауынша, шабуылшының волгоградтық клубпен келісім-шарты аяқталған.
Еске салайық, Щеткин «Ротор» сапында 2021 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол ресейлік клуб жейдесінде 25 матч өткізіп, 6 гол соқты.
Transfermarkt Алексей Щеткиннің нарықтық құнын 300 мың еуроға бағалап отыр.
Біздің серіктес: FONBET