Құрамында Алексей Щеткин өнер көрсететін волгоградтық «Ротор» ФНЛ-дің 13-турында өз алаңында КамАЗды 1:0 есебімен ұтты.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин матчты қосалқы құрамда бастады. Ойыншы 79-минутта Камил Муллиннің орнына алаңға шықты.
Естеріңізге сала кетейік, Щеткин жарақатына байланысты қатарынан 6 кездесуге қатыспаған болатын. Одан бөлек, Қазақстан құрамасының қыркүйек айындағы матчтарын жіберіп алды.
13 турдан кейін «Ротор» ФНЛ-дің турнирлік кестесінде 9-шы орында келе жатыр.
Біздің серіктес: FONBET