31 жастағы қазақстандық шабуылшы Алексей Щеткин ресейлік «Волга» командасымен келісім-шартқа отыруы мүмкін, деп хабарлайды «ФНЛ с Ильёвым» телеграм арнасы.
«Волга» алып денелі шабуылушы іздеуде. Нұсқалардың ішінде «Ротордан» кеткелі клубсыз жүрген Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин бар. Ол арзан ойыншы емес, «Роторда» оның жалақысы 800 немесе 900 мың рубль болды, бірақ, «Волганың» да биылғы бюджеті аз емес», - деп жазылған хабарламада.
Щеткин «Ротор» сапында 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың шілдесіне дейін ойнады. Осы уақыт ішінде ол ресейлік клуб жейдесінде 25 матч өткізіп, 6 гол соқты.
Transfermarkt порталы шабуылшының құнын 300 000 еуроға бағалап отыр.
Біздің серіктес: FONBET