Жарнама
Жарнама

Алексей Шпилевский: «Бізде Гуральскийдің орнын баса алатын жігіттер бар»

18.02.2021, 20:39
Гуральски жарты жыл бойы командасына көмектесе алмайды.
Жарнама
Жарнама

"Қайраттың" бас бапкері Алексей Шпилевский ресейлік "Чайкаға" қарсы өткен жолдастық кездесу туралы (3:1) пікір білдірді:

- Жігіттерге жеңіске жеткені үшін алғыс айтамын. Бұл да оң фактор, жағымды эмоциялар. Бірінші оқу-жаттығу жиынында біз жақсы жұмыс істедік, бірақ нәтиже біз ойлағандай болмады. Бүгін біз нәтижеге қол жеткіздік. Бірінші тайм мені қатты қуантты, екінші таймда да ұнаған жайттар болды: біз алаңда жаңа позицияны доппен, допсыз жүріп те сынап көрдік. Барлығы ойдағыдай болмағаны анық - жігіттер оған үйренуі керек, бірақ мен бәріне риза болдым.

Жас футболшылардың көзге түскені жақсы, мен олар үшін өте қуаныштымын. Артур Шушеначев осы оқу-жаттығу жиындарында өзін жақсы жағынан көрсетті, бар істі позитивті көңіл-күймен, барынша беріліп орындайды. Біздің басқа жас ойыншыларымыз - Андрей Ульшин, Данияр Үсенов те дұрыс бағытта келе жатыр. Менің ойымша, олар осы мүмкіндікті пайдаланады.

Яцек Гуральский жарақат алғаннан кейін, біз бұл позицияға жаңа ойыншы алмаймыз, өйткені бізде оны алмастыратын жігіттер бар. Кем дегенде, бұл позиция әлсіз болмайды. Данияр Үсенов, Андрей Ульшин, Айбол Әбікен оны еш қиындықсыз алмастыра алады, сондықтан мен оларға қатты сенемін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров