Жарнама
Жарнама

Алексей Шпилевский: «Еркебұланның ерекше дайындықсыз-ақ жақсы ойнайтынына сендім»

20.03.2021, 22:24
Алматылық клуб кешегі матчта жауапсыз үш гол соққан болатын.
Жарнама
Жарнама

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында «Қайсармен» өткен матч туралы ойымен бөлісті.

- Алексей Николайұлы, жеңіс құтты болсын!

- Рахмет! Команданы және біздің барша жанкүйерлерімізді құттықтаймын! Сырт алаңдағы алғашқы ойынымызда жеңіске жеттік. Өткен маусымда бүкіл ойындардың бір қалада өткенін ескерсек, бұл біздің ұзақ уақыттан бері сырт алаңда өткізген алғашқы матчымыз. Өткен маусымда біздің тарапымызға барлық ойынды өз қаласында өткізіп, сыртқа шыға салып ұтылды деген көптеген қауесеттер айтылды. Бүгін жігіттер оның бос әңгіме екенін дәлелдеді. Бар назарды осы ойынға аудардық. Бізді бұл жерде не күтетінін білдік. Қызылордада ойнау оңай емес, мұндағы жанкүйерлер белсенді және алаңда қозғалу қиын. Осыған қарамастан, ойыншылар берілген тапсырманы ойдағыдай орындай алды. Иә, позициялық шабуылдар кезінде пас беруде жекелеген қателіктердің болғаны рас. Жалпы лайықты түрде жеңдік деп ойлаймын.

- Бір ойыншының алаңнан қуылуы матчқа әсер етті ме?

- Білмеймін. Өткен аптада да осындай жағдай болған. Ол кезде біз бір адамға аз ойнадық және жеңіске жете алдық. Бүгінгі қарсыластарымыздың да солай жасап, бізге қысым көрсетуіне болатын еді. Сондықтан, мен бұл жерде ешқандай басымдық көріп тұрған жоқпын. Бәрі өз орнымен болды. Төреші одан бөлек Дугаличтің бетінен ұрған қақпашыға, сонымен қатар Небойшаны соққан 11-ші нөмірлі ойыншыға қызыл қағаз көрсетсе болатын еді.

- Көп уақыт бойы алаңға шықпаған Еркебұлан Сейдахметтің ойынына қандай баға бересіз?

- Иә, Еркебұлан көптен бері ойнамады. Ол маусым алдындағы жиындарда да болған жоқ. Бірінші командамен жаттығып жүргеніне 10 күн болып қалды. Оның бүгін ойынға қатысуға мүмкіндік алатынын және оны пайдаланатынын білдім. Оның негізгі командамен ойнауды сағынғаны анық. Мен оның жастық жігерімен алаңға шығып, ерекше дайындықсыз-ақ жақсы ойнайтынына үміт арттым. Оның әлі 100 пайыз дайын емес екендігі көрініп тұр. Оған өте көп жаттығу керек. Оның бұған қаншалықты дайын екендігін, оны қалай қабылдап, дамитынын уақыт көрсетеді.  

- Жанкүйерлер Эсеола, Мамба мен Кантенің алаңға шықпағанына алаңдады… 

- Дерин аздап инфекция жұқтырған. Ол бір апта бойы бізбен жаттыға алмады, сондықтан дайын болмады. Штрелиде асқазан-ішек инфекциясы, сондықтан ол да ойынға шыға алмады. Хосеге келер болсақ, оның бұрынғы командасында алған аздаған жарақаты бар. Футболшы формасына келіп команданың шабуыл шебін күшейту үшін жеке жаттығу жұмыстарын жасауда. Барлығымыз сол сәтті күтудеміз, себебі Хосе — нағыз өз ісінің маманы және шеберлігі жоғары шабуылшы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров