Жарнама
Жарнама

Алексей ШПИЛЕВСКИЙ: "Қайрат" өзгеше ойын көрсетіп, Исламхан жаңа деңгейге көтеріледі

01.02.2019, 01:46
Жарнама
Жарнама
Өткен жылғы маусым аяқталар тұста алматылық «Қайрат» жаңа бапкер ретінде белоруссиялық Алексей Шпилевскийді таныстырды. Бұл шешім футбол қоғамында екіұдай қабылданды. Жаңа бапкердің тәжірибиесі өте аз болатын. «Қайратқа» дейін ол тек Брест қаласының «Динамосын» жаттықтырған еді. Қазақстандық команда оған өзін көрсететін алаң іспеттес.

Алексей ШПИЛЕВСКИЙ:

- Бұл менің әлі қалыптаса қоймаған бапкерлік жұмысымдағы алғашқы сын десем артық емес. «Қайрат» секілді үлкен мақсатқа ұмтылған команданы баптау мен үшін зор абырой. Сондықтан да, бұл қызметке тек мен ғана емес, менің бапкерлік штабым да үлкен құрметпен қарайды. Маусымға қойылған мақсаттарды шешу үшін қазірден бастап бар күшімізді салып жатырмыз.

Жас бапкердің жұмыс өтілінде немістің «Лейпциг», «Штутгарт» клубтарының академиясындағы қызметтері бар. Германияда тәлім теріп жүріп Алексей Шпилевский немістің атақты жас бапкерлері Доменик Тедеско мен Юлиан Нагельсманмен танысқан. Олар қазір «Шальке» мен «Хоффенхаймның» бапкерлері.

Алексей ШПИЛЕВСКИЙ:

- Доменикпен керемет доспыз демесем, да ара қатынасымыз жақсы. Біз екеуміз «Штутгартта» әріптес болдық. Ол да мен секілді 9, 10, 11 жасқа дейінгі балаларды жаттықтырып бастаған. Сондықтан да болар қазірдің өзінде байланыстамыз. Оның бірден дамып, мықты бапкер болып кеткені таңқаларлық емес. Ол 25 жасында ақ өзінің бапкерлік таланты бар екенін байқатты. Оның жаттығу жұмыстарын қалай дайындайтыны, футболдағы әртүрлі жағдайға дайын болуы көзге ұрып тұрды. Юлиан жайлы да тура осылайайтуға болады. Оның да Бундеслигаға келіп бағы ашылды. Юлианның қол астында болған футболшылардың кез келгені бапкері жайлы жылы пікірде. Себебі, бұл жерде бапкердің жасы маңызды емес. Ең біріншіден оның футболдағы идеясы, және оның командаластарына қалай дәл жеткізуі. Команданы алға сүйрей алуы. Сондықтан да, мен оларға үлкен құрметпен қараймын.

Алматылық командадан Аршавин, Исаэль, Иличевич секілді негізгі ойыншылар кетіп қалды. Енді жаңа бапкер команданы қайта жасақтамақ. Келе жатқан маусымға өзгеріспен келері анық.

Алексей ШПИЛЕВСКИЙ:

- Біз бірден өзгерістерге кірісіп кеттік. Жылдам қарқынмен өзгерістерді бастан өткерсек, қиындықтар да жылдам артта қалады. Футболшылардың да алғашқы жаттығулардан ақ қызығушылықтары оянып, қазіргі ойын мәнерімізден рахат алып жүргенін байқап отырмын. Сондықтан да, биылғы маусымда біз тек жақсы ойын өрнегімен ғана емес, сонымен қатар жүлделермен де мақтанатын боламыз. Ол үшін әр күн сайын алға қарай нық қадам басуымыз қажет. «Қайрат» жанкүйерлері біз көрсететін әдемі әрі жылдам футболды көріп, ләззат алады деген үміттемін.

Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына «Қайрат» өз академиясының бірнеше түлегін ала кетті. Жастардың да өздерін жақсы жағынан көрсететін кезі келіп тұрғандай.

Алексей ШПИЛЕВСКИЙ:

- Біздің жас түлектер қазірден бастап өздерін жақсы көрсетуде. Біз енді бұдан былай академияның басшысы Вольфганг Гейгермен бірлесіп жұмыс істейміз. Болашақта академияның ойыншылары негізгі құрамда көбеюі тиіс.

«Қайраттың» қазіргі бет-бейнесі Бауыржан Исламхан екені даусыз. Алматылық команданың көшбасшысы қазір 26 жаста. Көптеген мамандар талантты футболшыны дамымай, бір орында тұрып қалды деп есептейді.

Алексей ШПИЛЕВСКИЙ:

- Ол өзінің Қазақстандағы ең талантты футболшы екенін білетін де шығар. Бірақ, мен оған жеке шыққанда ескертіп айттым. Команданың көзінше сені сөгіп тастасам ренжіме деп. Себебі, ол қалыптасқан футболшы. Ол өзі түсінуі тиіс. Қазақстанда, осы деңгейде жүре беру жарамайды. Біз оны жаңа деңгейге көтеруіміз қажет. Егер оны өзі қаласа. Мұндай таланты бар аяқдопшы еуропалық біріншілікте жарқырап жүруі тиіс деп есептеймін. Сондықтан да, осы маусымда біз Бауржанның деңгейін көтеруге тырысамыз.

Бірден жұмысқа білек сыбана кіріскен белорус бапкері Алматының бәр кереметін көріп үлгермепті. Алайда, бірлі жарым, көргенін әсерлеп айтады.

Алексей ШПИЛЕВСКИЙ:

- Жаттығу жұмыстарынан тыс кезде жұбайымыз екеуміз тауға барып тұрамыз. Алматының мақтаулы жерлерінен тек Медеуді ғана көрдік. Ал өзге жерлерге барып үлгермедік. Жаттығу жұмыстары тым қауырт жүріп жатыр. Тіпті кешқұрым ас ішкенде де ойын барысында нені өзгертсем екен деп ойлап отырамын. Ал ас мәзіріне келсем, мұндағы тамақтар тым қуатты екен. Әсіресе мәнтіні көп жедім. Дене бітіміе өзгеріс әкелмеу үшін өзімді шектеп жүрген жайым бар.

Алексей Шпилевский Тедеско мен Нагельсманның жолын қайталай ала ма? Оны әрине де уақыт көрсетер. Ұзақ күтудің де қажеті шамалы. Себебі, 3 наурыз күні Қазақстан Суперкубогында «»Қайрат» бес дүркін чемпион «Астанамен» кездеседі.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров