“Арсенал” мен “Манчестер Юнайтедтің” бұрынғы ойыншысы Алексис Санчес 11 жылдан кейін Ла Лигаға қайта оралмақ.
Италиялық журналист Джанлука Ди Марцио мен Испандық AS басылымының хабарлауынша, “Севилья” Чили шабуылшысын “Удинезеден” тегін қатарына қосуға келісті. 36 жастағы тәжірибелі ойыншы Испанияға келді және Андалусиялық клубпен келісімшартқа қол қоюға дайын.
Ол соңғы рет Ла Лигада 2014 жылы “Барселона” сапында өнер көрсетіп, кейін “Арсеналға” ауысқан еді.
“Севилья” Санчесті тікелей Доди Лукебакионың орнына шақырып отыр. Себебі Бельгиялық шабуылшы 30 миллион еуроға “Бенфикаға” жол тартқалы тұр.
Айта кетсек, Чили жұлдызы соңғы он жылда Еуропаның үш ірі лигасында алты түрлі клубта ойнады. “Арсенал”, “Манчестер Юнайтед”, “Интер” , “Марсель” және соңғысы – “Удинезе”.
Біздің серіктес: FONBET