Әлем чемпионатының қатысушысы "Тобол" сапын толықтыруы мүмкін.
16.01.2015, 00:08
Жарнама
Жарнама
32-жасар нигериялық шабуылдағы жартылай қорғаушы Калу Уче қостанайлық "Тобол" сапын толықтыруы мүмкін.
Калу Уче өз елінде "Эньимбу" және "Ивуаньянву Нэйшнл" командаларында ойнады. Испандық "Альмерия" және "Эспаньол", польшалық "Висла", франциялық "Бордо", швейцариялық "Ксамакс", түркиялық "Қасымпаш", катарлық "Аль-Джаиш" және "Аль-Райян" командаларында ойнады.
ОАР-дағы әлем чемпионатында 3 матч ойнап, 2 гол соқты. Нигерия ұлттық құрамасы 2010 жылы ОАР-дағы мундиалда 3 гол соқты. 2010 жылы Африка кубогының қола жүлдегері. Нигерия ұлтық құрамасында 36 матч ойнап, 5 гол соқты.