Жарнама
Жарнама

ӘЛЕМ КУБОГІ ПАЙДА БОЛМАЙ ТҰРЫП, ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ ФУТБОЛДАН ЕҢ ІРІ ЖАРЫС ЕСЕПТЕЛІП КЕЛДІ

07.05.2013, 16:01
Жарнама
Жарнама

          Форлан

Әлем Кубогі пайда болмай тұрып, Олимпиада ойындары футболдан ең ірі жарыс есептеліп келді. 1930 жылғы ең алғашқы Әлем біріншілігінің Уругвайда өтуінің себебі бар. Өйткені бұл құрама 1928 жылғы Олимпиада ойындарында футболдан жеңімпаз атанған.

2000 жылғы Олимпиаданың финалдық ойынында Камерун құрамасының қақпашысы Идрисс Карлос Каменидің жасы небәрі 16 жаста болған. ойынның 5-минутында ол қақпаға бағытталған пенальтиді қайтарып, нәтижесінде Камерун құрамасы жеңіске жетеді.

2000 жылғы Австралиядағы Олимпиада ойындарында Камерун құрамасының бас бапкері Жан-Поль Аконо ірі жарыстарда жеңімпаз атанған алғашқы африкалық бапкер болып танылды.

Олимпиада ойындарының іріктеу матчтарында Шри-Ланка құрамасы 20 кездесу өткізіп, қарсылас командаға 7 гол салып, өз қақпаларына 100 гол жіберіп алған.

                                                  

                               АФРИКА КУБОГІ

1957 жылы Африка Кубогінде тек үш мемлекет қатысқан. 2002 жылы бұл біріншілікке 16 команда бақтарын сынаған. Африканың 50 құрамасы іріктеу ойындарында жолдама алу барысында ойнаған.

Маңызды ойындарда алаңда ең кем дегенде 7 ойыншы болу керек. 2003 жылы іріктеу жарыстарында Мавритания мен Жасыл Мыс Аралдарының ойындарында алаңнан 5 ойыншы қуылғаннан кейін ойын тоқтатылған.

Кот-д Ивуар құрамасының ойыншысы Ален Гуамене Африка Кубогінің жеті турниріне қатысқан. Соңғы рет аталмыш турнирде 2000 жылы ойнаған.

Африка Кубогінде Мысыр, Гана және Камерун құрамалары ең көп жеңіске жеткен құрамалар болып есептеледі. олардың еншісінде 4 жеңістен бар.

                           АМЕРИКА КУБОГІ

Америка Кубогі 1910 жылы жалауын көтерген оңтүстікамерикалық турнир әлемдегі ең бірінші ірі чемпионат болып келеді. Алғаш рет Аргентина, Чили және Уругвай құрамалары қатысып, аргентиналықтар жеңіске жеткен.

Америка Кубогінде Уругвай құрамасы фантастикалық рекордтық көрсетішке ие. Өз өткізген 38 ойында жеңіліп көрмеген.

Америка Кубогін ең жеңген екі команда бар. олар Аргентина 15 және Уругвай құрамасы 14 жеңіс.

                              АЗИЯ ЖӘНЕ ОКЕАНИЯ

Азия Кубогін екі рет 2 мемлекет және бір рет Жапония жеңіп алған. Жапония 1992, 2000, 2004 және 2011 жылдары аралығында жеңіске жеткен. Сауд Аравиясы 1984, 1988 және 1996 жылдары аталмыш турнирді ұтып алса, Иран құрамасы 1968, 1972 және 1976 жылдары кубокті иеленген.

1973 жыл мен 2002 жылдар аралығында Австралия құрамасы Океания Кубогінде 21 ойында 110 гол алып небәрі 9 гол жіберіп алған.

Жапония құрамасы олимпиялық турнирлерде ешқашан жеңіске жетпеген. Алайда іріктеу ойындарында 283 гол салған команда.

2007 жылы Азия Кубогі бір елде емес бірнеше елде болды. Индонезия, Малайзия, Тайланд және Вьетнам мемлекеттері бірігіп чемпионатты ұйымдастырған.

Океаниядағы екі команда – Жаңа Зеландия мен Австралия құрамалары өз құрлықтарында ең мықтылардың санатынан. Бірақ футболы керемет дамымаған елдердің де көшелерінде той болады. Таити құрамасы 1,2 және 3-Океания Кубоктерінде 2-орындарды иеленген.

                         ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫ

2000 жылғы Еуропа чемпионатын алғаш рет екі мемлекет қабылдады. Бельгия мен Голландия. Еуро-2008 Австрия мен Швейцария қабылдаса, 2012 жылғы Еуроны Польша мен Украина құрамалары өз жерінде қабылдаған.

Әлем біріншілігінен кейін маңызы жағынан екінші орынды Еуропа чемпионаты алады. Еуропа чемпионатына 16 команда қатысса, мундиальға дүниенің 32 үздік құрамалары қатысады.

2004 жылғы Португалияда өткен Еуропа чемпионатында Грекия құрамасы аутсайдер болып саналған. Алайда финалда алаң иелері португалдықтарды жеңіп, өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпиондары атағына қол жеткізеді.

Еуро-2000 турнирін тамашалау үшін екі ағылшын фанаты жарыстың барлық ойындарын үзбей көру мақсатында, теледидарларын алып өздерін машина сақтайтын сарайда құлттап қояды.

1984 жылғы Еурода Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Мишель Платини қарсыластар қақпасына 9 голды тоғытып, күні бүгінге дейін Еуропа біріншіліктерінің рекордын сақтап келеді.

                                   СТАДИОНДАР

1950 жылы Бразилиядағы Әлем Кубогінде «Маракана» алаңына 199 мың 850 жанкүйер жиналған.

Олимпиада ойындарындағы Мексика мен Жапония құрамаларының ойынын «Ацтека» стадионында 105 мың адам тамашалаған. Футболдан Олимпиада ойындарындағы ойынды тамашалуға жиналған жанкүйерлердің ең көп саны.

1981 жылы Әлем біріншілігіне іріктеу ойындарда Марокко-Камерун ойынын 120 мың жанкүйер тамашалаған.

Австрияның «Штурм» (Грац) клубы Арнольд Шварцнеггердің құрметіне қойылған өздерінің алаңында ойнайды.

1966 жылғы мундиальдағы финалдық матчта қапталдағы төреші Тофик Бахрамов Англия құрамасының салған күмәнді голын есепке алады. Қазір оның атындағы Әзірбайжан астанасы Бакуде орталық стадионның есімі берілген.

Лондондық «Тотенхеэм» командасыны «Уайт Харт Лейн» стадионында ойнайды. Алайда Бірінші дүниежүзілік соғыста алаңды газтұтқыш фабрикасына айналдырған.

1930 жылғы Әлем біріншілігінде Румыния құрамасы Перу командасын 3:1 есебімен жеңген. Ойынды тамашалау үшін небәрі 300 жанкүйер жиналған.

                        ҚОЛАЙСЫЗ АУА-РАЙЫ

1945 жылы лондондық «Арсенал» футбол клубы Кеңес Одағының ең мықты командасы мәскеулік «Динамоны»қабылдаған. Ойын үстінде стадионға қалың тұман түсіп, алаң мүлдем көрінбей қалған. Кейбір мәліметтерге бойынша алаңнан қуылған «Арсенал» футболшысы ойынға араласып кеткен. Ал «Динамо» бапкері қосалқы құрамдағы ойыншыларды алаңға шығарған. Нәтижесінде кеңестік команда 3:2 есебімен жеңіске жеткен.

1973/1974 жылдардағы маусымда Шотландияның «Инвернесс Тестл» мен «Фалкирик» клубтары бір-бірімен өзара 30 рет кездесуге талпынған. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты 29 ойын кейінге шегеріліп, 30-ойында «Фалкирик» командасы 4:0 есебімен жеңіске жеткен.

2004 жылы Гренаданың Премьер-лигасы «Иван» дауылына байланысты футбол маусымы болмаған.

                         ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫ

2000 жылғ Еуропа чемпионатын алғаш рет екі мемлекет қабылдады. Бельгия мен Голландия. Еуро-2008 Австрия мен Швейцария қабылдаса 2012 жылғы Еуроны Польша мен Украина құрамалары өзжерінде қабылдаған.

Әлем біріншілігінен кейін маңызы жағынан екінші орынды Еуропа чемпионаты алады. Еуропа чемпионатына 16 команда қатысса, мундиальға дүниенің 32 үздік құрамалары қатысады.

2004 жылғы Португалияда өткен Еуропа чемпионатында Грекия құрамасы аутсайдер болып саналған. Алайда финалда алаң иелері португалдықтарды жеңіп, өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпиондары атағына қол жеткізеді.

Еуро-2000 турнирін тамашалау үшін екі ағылшын фанаты жарыстың барлық ойындарын үзбей көру үшін, теледидарларын алып өздерін машина сақтайтын сарайда құлттап қояды.

1984 жылғы Еурода Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Мишель Платини қарсыластар қақпасына 9 голды тоғытып, күні бүгінге дейін Еуропа біріншіліктерінің рекордын сақтап келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Келесі жаңалық
"Челсидің" жүрегі