Жарнама
Жарнама

Әлемдегі ең кәрі футболшы «Йокогама» командасымен келісім шарт мерзімін ұзартты

21.12.2015, 01:42
Жарнама
Жарнама
Әлемдегі ең кәрі футболшы «Йокогама» командасымен келісім шарт мерзімін ұзартты
48 жастағы шабуылшы Кадзуёси Миура жапониялық «Иокогама» командасында тағы бір жыл доп теппек. 
Әлемдегі ең кәрі футболшы көпшілікке — Кадзу  есімімен танымал. Шабуылшы «Иокогама» сапында 2005 жылдан бастап ойнаған. Сол жылы австралиялық «Сиднейге» 2 айға жалға беріліп, 2006 жылы бұрынғы командасына қайта оралды. «Иокогамада» 149 ойын өткізіп, 18 голдың авторы атанған.   «Иокогама» — Жапонияның екінші дивизионында (Джей-лига) өнер көрсететін клуб. Үлкен футболдағы мансабын 1986 жылы бразилиялық «Сантос» клубынан бастаған. 1994 — 1995 жылдары Италияның А Сериясында доп тепкен алғашқы жапониялық футболшы атанды. «Дженоа» сапында 21 ойын өткізіп, 1 гол соққан. Бразилия, Хорватия біріншіліктерінде доп тепкен. 1990 — 2000 жылдар аралығында Жапония ұлттық құрамасында ойнаған. Ұлттық құрама тарихындағы екінші үздік сұрмерген. (89 ойын, 55 гол) 1992 жылы футболдан Азия Кубогының чемпионы атанған. 2012 жылы мини — футболдан Әлем чемпионатында бақ сынап, Жапония сапында 4 ойынға қатысқан. Абылайхан ЖҰМАШ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров