ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҚЫМБАТ ФУТБОЛШЫЛАРЫ

01.01.2011, 20:14

БЕСІНШІ ОРЫН

Forbes  журналы әлемдік рейтингтегі ең бай футболшылардың тізімін жариялады. Ендеше үздік бестіктен басталық. Бесінші орынды бұрынғы Барселонаның және франция ұлттық құрамасының ойыншысы Тьерри Анри түйіндеді. Оның байлық қоры 24 млн-ды құрайды. Ол тек футболмен ғана емес және де түрлі жарнамалық роликтерге түсумен айналысады.

ТӨРТІНШІ ОРЫН

28 жасар бразилиялық қазіргі таңдағы Мадридтік Реалдың ойыншысы Рикардо Кака өзінің адал терімен тапқан 25 млн доллар табысымен төртінші орында. Ол өткен жылы Италиялық Милан клубынан Реалға 65 млн долларға сатылған еді. Оңтүстік Африка Республикасында өткен Әлем біріншілігінен соң Кака аяғын жарақаттап алған еді. Бүгінде ол Испан премьер лигасының ойындарын түпкілікті жіберуде. Дегенмен Алтын доптың иегері атанған жігіт спортқа қайтып келеді.

ҮШІНШІ ОРЫН

Бір кездері талантымен төрткүл дүниені тамсандырған танымал футболшы бразилиялық Роналдинью үшінші орынға жайғасыпты. Өзінің керемет жетістістігінің арқасында 30 млн қор жинаған Миланның шабуылшысы кей әріптестері секілді жарнамадан да пайда түсіріп тұрады. Ағылшындық «World Soccer» (Уорлд Соккер) журналы әзілқой футболшыны өткен он жылдықтың ең үздік ойыншысы деп таныды.

ЕКІНШІ ОРЫН

Енді екінші орын кімнің еншісіне тиді екен? Футболдағы өзінің жетістігімен тапқан 30 млн доллар табысымен әлемдік рейтингтегі екінші саты да португалиялық Криштиану Роналду. Оның Манчестерден Мадридтік Реалға ауысқандағы трансферлік құны дүниені дүрліктірген еді. Королдық клуб оны 96 млн долларға сатып алды. Бұған дейін ең қымбат футболшы болған Зиданның орнын осынау жас жұлдыз басып кетті. Төрткүл дүниенің ең қымбат футболшысы саналатын Роналду «Алтын доппен» қатар «Әлемнің үздік ойыншысы» деген атақтарды қанжығасына байлады.

БІРІНШІ ОРЫН

Форбс журналының жариялаған мәліметі бойынша алға қарай жылжиық. Ендігі кезек бірінші орында. Бұл сатыға 40 млн доллар табыс тапқан ағылшындық  Дэвид Бекхэм жайғасыпты. Әрине, Дэвидтің негізгі табыс көзі ол- жарнама. Ол көптеген жарнамалық компаниялардың өкілі болып табылады. Бұған дейін «кәрі құрлықтағы» көптеген белді клубтарда бақ сынаған 35 жасар жігіт қазір Америка құрлығында. Ол жақтағы табысы да жаман емес. бірақ Бэкхем алдағы уақытта ағылшын ұлттық құрамасына қайта орала ма ол жағы белгісіз? Иә, ең қымбат футболшыларды сөз еткен соң тиісінше қалған орындарды да айта кетейік. 20 млн қаржысы бар Барселоналық аргентин жігіті Леонель Месси алтыншы орында. Былтыр 32 ойында 17 гол салып 17 млн табыс тапқан Челсилік Фрэнк Лэмпард жетінші орынға жайғасты. Одан бір млн доллар кем жинаған ағылшын футболшысы Джон Терри 16 млн доллармен сегізінші сатыда.