Альфонсо Дэвис "Барселонаны" менсінбеді

26.02.2024, 17:38

Мадридтің "Реалы" "Бавария" қорғаушысы Альфонсо Дэвистің жеке өзімен келісімшартқа ауызша келісті деп хабарлайды "The Athletic" басылымы. 

Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, канадалық футболшының алдына екі нұсқа бар. Біріншісі бойынша Дэвис жаңа командасына осы жазда немесе келісімшартын аяқтап бір жылдан кейін бара алады. "Баварияның" қорғаушысына "Барселона" мен бірқатар ағылшын командалары да қызығушылық танытып отырған көрінеді. Бірақ Альфонсо Дэвистің таңдауы "Реалға" түсіп тұр.

Канадалық футболшы осы маусымда мюнхендік клубтың қатарында 27 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 3 голдық пас берген.