Жарнама
Жарнама

Алғаш рет ұйымдастырылған турнирдің ақшасы берілді

Маусым алдында ұйымдастырылған “Winter Cup” турниріне қатысқан командаларға тиесілі сыйақылар берілді.

Жарнама
Жарнама

Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен түрлі сайттарда Қазақстан футбол лигасы ұйымдастырған “Winter Cup” турнирінің жеңімпазы мен қатысушыларына тиісті сыйақы берілмегендігі жөнінде ақпарат лезде тарап еді. 

Осыған байланысты QFL ресми мәлімдеме жасады:

Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, біз алғаш рет отандық футбол тарихында маусым алдындағы коммерциялық “Winter Cup” турнирін ұйымдастырдық. Аталмыш доп доданың жүлде қоры 100 млн теңгені құраған болатын.

Турнирдің арқасында 4 команда маусым алдындағы дайындығын пысықтады. Қаржылық тұрғыда табысын көбейтті. “Winter Cup” отандық футбол жанкүйерлері арасындағы қызығушылықты тудыра білді. Оған дәлел турнир аясында өткізілген ойындарды 170 мың адам тамашалаған. 

Дәл қазіргі сәтте лига командалар алдында қарыз емес. Аламанда уәде етілген қаржы клубтарға үлестіріліп берілді”.

Турнир жеңімпазы “Ордабасы” ережеге сәйкес, 60 млн теңге, ал финалда сүрінген “Тобыл” болса, қалтасына 40 млн теңгені басты. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров