Жарнама
Жарнама

АЛҒАШҚЫ ГОЛ, АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС

06.06.2011, 17:32
Жарнама
Жарнама
Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2012 іріктеу кезеңінің аясында Әзірбайжан құрамасымен ойнап, алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алғашқы жеңісі дейміз-ау алғашқы голын соқты. Қазақстан құрамасының жейдесін бірінші рет киіп шыққан қостанайлық "Тобылдың" шабуылшысы Сергей Гридин тұсаукесер кездесуінде екі гол соғып, матчтың қаһарманы атанды. Бұл кездесуге келген жанкүйерлердің де қарасы мол болды. "Астана Арена" стадионындағы көғіл-күй де ерекше еді. Барша қазақстандықтардың үкілі үмітін арқалап шыққан құрама жігіттері матч басталысымен-ақ кімнің қожайын екенін көрсетуге тырысты. Қазақстан бірінші таймның басым көпшілігінде доппен болды, М.Беранек шәкірттері төрт мәрте шабуыл жасаса, әзірбайжандықтар екі шабуылмен ғана жауап қайтара алды. Алғашқысында қақпашымыз Р.Нестеренко бұрыштама доптан бағытталған соққыға бірінші болып жетсе, екіншісінде Алиев қақпадан қиыс теуіп, жүз пайыздық мүмкіндігін пайдалана алмады. Екінші таймда М.Беранектің ақыл-кеңесін тыңдап шыққан жерлестеріміз белсендірек ойнады. Оң қапталдан Ұ.Қонысбаев, сол қапталдан Генрих Шмитгаль, шабуыл өтінде жүрген С.Остапенко мен С.Гридин Әзірбайжан қақпашысы мен қорғаушыларын ауық-ауық мазалап тұрды. Қазақстан жанкүйерлері екінші таймда голды көп күте қоймады. Бүкіл іріктеу сынындағы 5 ойында соқпаған допты олар 53-минутта С.Остапенко сол қапталмен өтіп барып С.Гридинге пас берді. Өз мүмкіндігін құр жібермеген дебютант гол соққанда қуанбаған қазақ жоқ болар, сірә. Бірақ қазақстандықтар есептегі басымдықты ұстап қала алмады. Араға алты минут салып Назыров есепті теңестірді. Жіберілген голдан кейін есін жиып, еңсесін тез көтере алған жерлестеріміз Әзірбайжан қақпасына екінші мәрте гол соқты. М.Хайруллин екі қорғаушының арасынан Гридинге дәл пас берді, ал өз кезегінде Сергей допты қақпаға дәл бағыттап, дубль жасады. Соңғы минутқа дейін қорғаныста емес, шабуылда ойнаған қазақ жігіттерінің ойынынан, расында да, өзгерістер көрдік. Ұлттық құрама, шынымен де, өз ойыншыларын, өз ойынын, өз бапкерін енді тапқандай.

Есет Төлеш

Ақтөбе қаласы

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров