Жарнама
Жарнама

Алғашқы кезең аяқталуға жақын

24.07.2011, 04:58
Жарнама
Жарнама
Бүгін ел біріншілігінің 21 туры аяқталып, алғашқы кезеңнің ақырғы ойындары ғана қалды. Енді аптадан кейін алғашқы және кейінгі алтылық анықталып, өзара тікелей жүлде мен чемпионатта қалу мәселесін шешетін болады. «Ордабасы» - «Астана» 1:1 (0:1) Голдар: Тәжімбетов 51 –  Боговац Драган 4 «Ордабасы»: Нестеренко, Мвесигва, Трайкович, Ирисметов, Төлебек, Касьянов, Евстигнеев, Нұрғалиев, Әшірбеков, Тәжімбетов. «Астаны»: Эрич, Нұрдәулетов, Рожков, Гурман, Плиев, Алиев, Шахметов, Жұмасқалиев, Нөсербаев, Боговац, Дорош. Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда алтылыққа ену-енбеуі күмәнді болып тұрған «ордабасылықтар» турнир кестесінің төресі елордалық «Астананы» қабылдап, тең нәтижені қанағат тұтуға мәжбүр болды. Адым аштырмай жатып, төртінші минутта есеп ашқан Драганның добына Тәжімбетовтың баспен бағыттаған голымен ғана жауап қайтарып, үздіктер қатарына кіру мүмкіндігін сақтап қалды. «Қайрат» - «Жетісу» 0:1 (0:1) Гол: Климавичюс Арунас 30 «Қайрат»: Рихард Даниил, Воротников Илья, Кирильчик Павел, Фомин Артем, Балтиев Руслан,  Горячий Евгений, Головской Константин, Христов Деян, Шестаков Кирилл, Климов Евгений, Кинг Стефан. «Жетісу»: Логиновский Владимир, Джалович Марко, Коробов Захар, Климавичюс Арунас, Щеткин Алексей, Михайлов Милош, Остапенко Сергей, Харабара Андрей, Самченко Максим, Скорых Сергей, Цветкович Иван. Ал «Жетісу» кезекті жеңісіне жетті. «Қайратты» қапы қалдырып, алғашқы кезеңнің жеңімпазы атануға жақын тұр. Ойынның отызыншы минутында алға шыққан талдықорғандық команда кездесуді өз басымдықтарымен өткізуді жоспарласа керек, доп иелігі көрсеткішінен ілгерілеу болды. Алматылықтарда да айтарлықтай мүмкіндіктер болып жатты, тек сәттілік жолдастық етпеді демесеңіз. Бірде дәлдік жетіспесе, енді бірде ойыннан тыс қалып жатты... «Восток» - «Қайсар» 2:0 (1:0) Голдар: Николаев 34, Уразбахтин 74 «Восток»: Прядкин Кирилл, Ларин Сергей, Абдулин Ренат, Хизанейшвили Отар, Буряк Игорь, Бидненко Руслан, Бейсебеков Абзал, Згура Александр, Уразбахтин Рафаэль, Эрбес Вячеслав,  Николаев Даниил. «Қайсар»: Нарзикулов Жасур, Балтаев Алдан, Тағыберген Асхат, Стахив Александр, Сағындықов Серік, Ибраев Сабырхан, Семлер Борут, Анарметов Азиз, Перич Иван, Малков Анатолий, Бірқұрманов Арман. Өскемендік «Восток» бұл ойынға дейін турнир кестесінің тұңғиығында келе жатқан тұғын. Олай кете беретін болса чемпионаттан шет қалуы да ықтимал. Сонымен қатар, басты қарсыласы «Қайсарды» ұтпаса, онда анық төменгі лигада төбе көрсетіп қалатын еді. Осыны А. Голоколосов шәкірттері қаперге алса керек, төреші ысқырысымен-ақ лап қойып, кездесуде қарсылас қақпасына жауапсыз екі доп соғып, «тұңғиықты» тастап кетті. Әлі де қос клубтың жағдайы мәз емес. «Тараз» - «Тобыл» 1:0 (0:0) Гол:  О.Недашковский 46 «Тараз»: Нурмухаметов Рамали,  Мемишевич Дамир, Яковлев Владимир,  Белич Данило, Недашковский Олег,  Евстигнеев Дмитрий, Диакате Абдулай,  Кургулин Нұртас,  Соболев Вячеслав, Исламхан Бауыржан, Иованович Немания «Тобыл» Петухов Александр,  Овщинов Евгений, Кучера Стефан,  Богдан Дмитрий, Қуантаев Ермек,  Волков Виталий, Джолчиев Бауыржан,  Сливич Ненад, Богданов Анатолий,  Бекрин Самир,  Зебелян Роберт Жамбылда жергілікті «Тараз» «Ордабасының» кестедегі қарсыласы «Тобылды» қабылдып, тартысты өткен кездесуде бір доп айырмашылығымен жеңіске жетіп, аз да болса жағдайын түзеп алды. Жамбылдықтардың жайы әрине, көңіл көншітерлік емес. Әупірімдеп жүріп әулиеата аяқдобын әзірге асқақтата алар емес... Тек ара-тұра бой көрсетті демесеңіз, баяғыдай басымдық көрсете алмай келеді. Енді ойынға келер болсақ, жалпы қос клубтың алма-кезек шабуылдары кездесу көркін қыздырды. Дегенмен алғашқы кезеңде есеп ашылмады. Үзіліс кезінде «Тараз»бапкері Талғаев шәкірттеріне нендей тәлім айтқанын, алғашқы минутында-ақ Недашковскийдің соққысымен есеп ашылып, өзгеше ойын өрнегін көрсете бастады. Алайда, аяғына таман қостанайлықтар таразы басын теңестіруге бар күшін салып бақты. Қарымта шабуыл жасап, қарсыластың аптығын басқан әулиеаталықтар есепті еселеген де еді. Бірақ, қапталдағы төреші В.Собольевтің ойыннан тыс қалғанын анықтапты.  Енді алғашқы алтылықтың тағдыры Қостанайда шешілетін болады. Онда екі клуб «Тобыл» мен «Ордабасы»  «кім мықтыны» анықтайтын болады.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров