Жарнама
Жарнама

Алғашқы матчта бір ұпай алған «Рома» техникалық жеңіліске ұшырады

23.09.2020, 02:53
Матч 0:0 есебімен аяқталып, Римдік клуб бір ұпайға ие болған еді. Лига басшылығы мұны көп көрген секілді.
Жарнама
Жарнама

«Рома» Италия чемпионатының жаңа маусымында «Веронамен» өткен матчта техникалық жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Football Italia.

19 қыркүйекте өткен кездесу тең аяқталған болатын - 0:0. Матчтан кейін римдік клуб жартылай қорғаушы Амаду Диавараны құрамға қате қосқаны белгілі болды. «Рома» жартылай қорғаушыны 22 жасқа дейінгі ойыншы ретінде команда сапына қосқан, бірақ Диавара 17 шілдеде 23 жасқа толды. Римдіктер өтінімдегі бос орындарды көрсетіп, бұл шешімге наразылық білдіруге тырысты, бірақ бұл лига шешіміне әсер еткен жоқ деп хабарланды.

А сериясының келесі турында «Рома» туриндік «Ювентуспен» кездеседі, ал «Верона» өз алаңында «Удинезені» қабылдайды. Екі кездесу де 27 қыркүйекте өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров