Футбол.кз сайты осының алдында хабарлағандай Достастық кубогындегі "Тобылдың" қарсыласы белгілі болған еді. Енді міне, тағы да жеребе тартылу рәсімі өтіп, турнирдің күнтізбесі анықталды. Сонымен, алғашқы маңызды кездесу Өзбекстан чемпионына қарсы.15 қаңтар күні Санкт-Петербург сағатымен 13-00 де "Тобыл" - "Бунедкор" кездесуі өтіп алғашқы тур қорытындыланады. Қазақ пен Өзбек арасындағы бұраннан бергі бақталастық, ара ағайынның арасындағы абырой намыс дәл осы матчта орын алатыны сөзсіз. Сондықтан да боксшылар айтпақшы "кубалықтан ұтылсаң да, өзбектен ұтылма!" деу керек біздің отандастарымызған.
Ал келесі күні қостанайлықтар Армения чемпионы "Микамен" ойнайды(сағ. 13-00). 18 қаңтар күні "В" тобының соңғы кездесуі "ТОбыл" - "Сконто" (14-00). Бұл топтағы барлық кездесулер «Петербургский» спорт комплексінде өтеді.
Белді ойыншыларынан айырылған "Тобылдың" қауқары қаншаға жетуі мүмкін деген сауал осы күні күпті қылып қойды баршаны. Не де болса аталған турнирге кез-келген қазақстандық клуб "жеңімпаз атану" деген мақсат қоюы тиіс. Біз бұрындары топтан шығуды меже санасақ, енді дәл осындай биік мақсат қояатын деңгейге жеттік. Алғашқы және соңғы кездесуде тең нәтижені қанағат тұтып, ортадағы "Микаға қарсы кездесуде жеңіске жетсек, топтан шығу мәселесі шешілді деуге болады. Тек дәл осындай ұстанымға Равиль Сабитов командасы шыдас беріп, қайрат көрсетсе!
1/4 финалға шыққан жағдайда Қазақстан чемпионы "А" тобының жеңімпаз командаларымен кездеседі. Олар: «Интер» (Баку, Әзірбайжан), «Искра-Сталь» (Рыбница, Молдавия), «Истиклол» (Душанбе, Тәжікістан), «Нефтчи» (Қошқар-Ата, Қырғызстан). Ширек финал ойындары 19 қаңтар өтеді. Жартылай финал - 21, финал - 23 қаңтар күндеріне жоспарланған.