Жарнама
Жарнама

Алғашқы ойындарда ойға симайтын нәтиже тіркеуі ықтимал

08.06.2012, 22:19
Жарнама
Жарнама
[caption id="" align="alignleft" width="161" caption="Еуроның жұлдызына балануға Р.Левондовскидің мүмкіндігі мол"][/caption]

Ашылуы салтанаты өткен кезде алаң иелері жеңіске жеткен жаңдайлар тарихта үш рет кездескен екен. Бұл жолы сол тарихта төртінші жеңіс тіркелгелі тұрған сияқты. Поляктар варшава төрінде гректерді әбден шабуылдап, барыншы қыспаққа алуы тиіс. Роберт Левандовский мен Якуб Блащиковский секілді ойыншылар қорғанысы мығым эллиндерді тығырыққа тіреуі ақылға қонымды сценарилердің бірі болып тұр. Алғашқы ойынға болжам жасау қашанда қиын болғанымен, суық ақылға сеніп бір нәтижені көрсеткіміз келіп отыр. Польша құрамасы ары кеткенде екі гол соғуы мүмкін. Одан арыға шама жетпес. Ал Самарас пен Скалпингидис бастаған шабуылшылар алаң иелерінің қорғанысына аса қатты қауіп төндіре алмайтын шығар. Себебі, бұл ойыншылардың соңғы кезде көрсетіп жүрген ойындары мақтауға тұрарлық емес. Есеп 1-0. Польшалықтар тек бір гол айырмашылығымен ұтатын шығар деген ой басымырақ.

Екінші ойын Ресей және Чехия арасында өтпек. Қос команда қақпашыларының мықты екендігін айта кеткеніміз жөн. Петр Чех пен Вячеслав Малафеевтер биылғы еуромаусымда барлық қырларынан көріне білді. Чехия қақпашысының өз құрамасы үшін сенімділік пен қауіпсіздіктің кепілі ретінде көрініп жүрген тұлға екені белгілі. Тэірибиелі қақпашы өз әріптестерін шабуылға қорықпай шығуға үгіттеуі әбден ықтимал. Кәрі қасқыр Милан Барош пен "Арсенал" жартылай қорғаушысы Томаш Росицки бұл команданың негізгі қозғалтқыш күшіне айналуы тиіс. Менің ойымша есеп тең аяқталуы да әбден ықтимал. Бас төреші Ховард УЭБ кезінде Ресей құрамасына пенальти белгілеуімен әйгілі еді. Жалпы, орыстар ағылшындық бұл төрешіні ешқашан ұнатпаған. Кім біледі, бүгін осы төрешінің орындауындағы тағы бір пеналти болып жатса еш таңқалудың керегі жоқ.  Есеп 1-1.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров