Жарнама
Жарнама

Алғашқы турда кімдер кездеседі?

11.02.2019, 21:26
Жарнама
Жарнама
Ал осы аралықта Қостанайда Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымының күнтізбесі құрылды. Арнайы жеребе тарту рәсімі арқылы командалар өздерінің алғашқы қарсыластарының есімін біліп алды. Команда өкілдері мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының атқарушы директоры Александр Кеплин қатысқан жиында клубтар үш топқа бқлінді. Алғашқы топқа «Астана», екінші топқа «Қайрат», Тобыл», «Ордабасы», «Қайсар» мен «Жетісу» командалары енді. Ал үшінші топқа – «Ақтөбе», «Шахтер», «Атырау», «Ертіс», «Оқжетпес» пен «Тараз» командалары болды.

Александр КЕПЛИН:

Біз командаларды себеттерге бөліп тастадық. Мысалы мына себетте оңтүстіктің командалары. Бұл чемпиондар лигасы мен еуропа лигасында ойнайтын клубтарымыздың сол жарыс басталған кезде бір бірімен ойнап қалмауы үшін жасалды.   

Ал алғашқы және екінші топтың командалары бірінші тур ойындарын өз алаңдарында өткізу құқына ие болды. Біріншіліктің шымылдығы «Қайсар» мен «Атырау» арасындағы ойыннан басталады. «Тобыл» өз алаңында «Ертісті» қабылдайды. Күміс жүлдегер «Қайрат» «Таразбен» кездеседі. Шымкенттің «Ордабасы» командасы «Шахтермен» күш сынасады. Ал «Астана» маусымды «Ақтөбеге» қарсы ойнап бастайды. «Жетісудың» алғашқы қарсыласы көкшетаудың «Оқжетпесі». Алғашқы тур ойындары 9 және 10 наурыз күндері өтеді.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров