Жарнама
Жарнама

Әли Әлиев: «Екі жақтан да қызықты ойын болады деп ойлаймын»

21.07.2022, 03:10
Петропавлдық клуб ертең еурокубокте дебют жасайды.
Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» командасының бас бапкері Әли Әлиев УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Осиекпен» болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сұрақтарына да жауап берді. 

– Кез келген еурокубок маусымы жанкүйерлер үшін мереке. Бұл өте қызықты оқиға және біз Қазақстанның атынан шығатын барлық клубтардың Конференция лигасының топтық кезеңіне өтуін асыға күтеміз. «Қызыл-Жардың» Солтүстік Қазақстан облысының намысын еуропалық жарыстарда қорғайтынына қуаныштымын. Біз жанкүйерлермен бірге сапалы матч өткіземіз деп үміттенемін. Әр доп үшін күресетін боламыз, бірақ футбол ойнайтынымызды ұмытпау керек. Ал футбол дегеніміз - ертең көрсетуіміз керек пастар мен тактикалық ойындар. Біз еурододада бағымызды сынап, баға жетпес тәжірибе жинауды көздейміз. Екі жақтан да қызықты ойын болады деп ойлаймын. 

Осы сәтті пайдаланып, барша елорда тұрғындарын, қала қонақтарын ертеңгі матчқа шақырғым келеді. Бұл стадион үлкен жеңістерге жетелейді және «Осиек» үшін «Астана Арена» ыңғайсыз болады деп сенемін. 

- Ертең еурокубокте дебют жасайсыз. Матч алдында өзіңізді қалай сезінудесіз? 

– Әрине, кез келген адам сияқты менде де спорттық құштарлық бар. Чемпионаттағы ойынға дайындалу бір бөлек, себебі біз өз еліміздегі командаларды жақсы білеміз. Ал еурокубокте сіз тұтас бір елдің, үлкен аймақтың атынан шығасыз және, әрине, белгілі бір толқулар болады. 

- Осы трансферлік терезеде командада көптеген өзгерістер болды. Командадағы атмосфера қандай? 

– Жаттығу барысы мен алдыңғы ойындарға қарап, дайындыққа көңіліміз толады деп айта аламын. Бірақ барлығы керемет емес, өйткені ротация жасаған кезде тактикалық жоспарларға үйрену үшін ойыншыларға уақыт қажет. Жігіттер барлығын тезірек меңгереді деп сенеміз. Ертеңгі матчта тәртіп, ұйымшылдық, сенім болуы тиіс. Ең бастысы, қарсыласыңа өзіңнің мықты екеніңді көрсету қажет. 

- Дарко Зорич ертеңгі ойынға дайын ба? 

– Әзірге нақты мәлімет жоқ. «Қайсармен» болған матчта Дарко жарақат алды. МРТ нәтижесі бүгін түнде шығады, содан кейін ғана оған қатысты шешім қабылдаймыз. Дарко Зорич команданың көшбасшысы. Ол Балқан футболының өкілі, ал Балқан командасына қарсы ойында оның көмегі бізге қажет болады. Ертең ол ойнамаса да, басқа жігіттер алаңға шығып, лайықты түрде ойнайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров