Қарағандылық "Шахтер" командасының бас бапкері Әли Әлиев "Астана" клубымен болған матчты (0:2) қорытындылады:
- Біріншіден, мен барлық қазақстандық футбол жанкүйерлерін маусымның басталуымен құттықтағым келеді. Жеңіліс біздің маусым басталар алдындағы толқуды жеңе алмайтынымызды көрсетті - біз 16-минутта гол жіберіп алдық. Атап айтқанда, біз стандарттарды өз пайдамызға жаратуға тырыстық, бірақ бұрыштамадан асырылған пастан кейін гол жіберіп алдық. Голдан кейін қарсылас біраз тынышталды.
Субъективті және объективті себептермен біз кейбір ойыншылардың командаға кеш қосылып, сонымен қатар кейбір футболшының кетуіне байланысты бұл матчқа тыңғылықты дайындала алмадық... Біз қорытынды шығарамыз, қателіктермен жұмыс істейміз және келесі матчта жанкүйерлер "Шахтердің" орындауындағы мүлдем басқа ойынды көреді.
Біздің серіктес: FONBET