Жарнама
Жарнама

Әли Әлиев: «Мен қазақстандық футболшыларға көбірек сенім артамын»

03.05.2022, 17:44
Әлиев алғашқы матчында-ақ бір ұпайға ие болды.
Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жардың» бас бапкері Әли Әлиев Премьер-лиганың тоғызыншы турында «Қайратпен» (1:1) болған ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

- Екі командаға да алғыс айтқым келеді. Иә, бір команда он адаммен ойнады, ал екінші команда толық болды. Өкінішке орай, комбинацияларды, әдемі пастарды ұйымдастыруға уақыт жеткіліксіз болды. Бірінші таймда жігіттердің қолынан ештеңе келмеді. Бұған не толқу, не көгалдың ауысуы, не алматылық жанкүйерлердің қолдауы әсер етті. Ойынымыз бұзылып, тек алыс пастармен ойнай бастадық. Сондықтан бізге түзетулер енгізуге тура келді, ал екінші таймда азды-көпті ойынымыз жақсарды. Сондай-ақ қарсыласымыз шаршады, өйткені, он адаммен ойнау оларға өз әсерін тигізді. Сондықтан екі командаға да ойын үшін алғыс айтамын, әсіресе, ерлікпен күресіп, өз мүмкіндіктерін ұйымдастыра білген «Қайратқа».

– «Қызыл-Жардың» ұсынысына қанша уақыт ойлағаныңызды айтып өтсеңіз?

- Андрей Карпович осындай шешім қабылдағаннан кейін бәрі күтпеген жерден орын алды. Ұсынысты қабылдауға келетін болсақ, мен көп ойланбадым, өйткені Петропавл – менің Алматыдан кейінгі екінші үйім. Сонда мен бес жыл ойыншы ретінде өнер көрсеттім және бапкерлік мансабымды бастадым, сондықтан клуб маған таныс: киім ауыстыратын бөлмеден бастап, трибунадағы әрбір орындыққа дейін. Менің ойымша, команданың ілгерілеуіне мүмкіндік бар, құрам жақсы жасақталған. Психологиялық тұрғыдан аздап өзгертулер енгізу қажет. «Жеңіс» басшысымен арамызда ҚПЛ клубтарынан ұсыныс түссе, ешбір өтемақысыз жіберетіндігі туралы келісім бар еді. Сол үшін елордалық команданың басшылығына алғысымды білдіргім келеді.

– «Қызыл-Жар» құрамында легионерлер мен ЕЭО өкілдері көп болғандықтан, жанкүйерлер тарапынан көп сынға ұшырады. Сіз келгеннен кейін жағдай өзгере ме?

– Әрине, біз қазақстандықтардың көп болғанын қалаймыз, бірақ бүгінде бұл жағынан тапшылық бар. Жергілікті ойыншыларды «Тараз» бен «Қайрат» көп пайдаланады, сол үшін оларға алғыс айтқым келеді. «Тараз» – біздің «Атлетико Бильбао», ал «Қайрат» Құрбан Бекиұлының келуімен даму векторын өзгертті, менің ойымша, шыдамдылық керек, нәтиже өз уақытымен келеді. Қазақстандық ойыншылар да Жоао Пауло сияқты білікті футболшылармен ойнап, алға жылжиды. Менің келуіммен, жаттығуларымыз бен ойындарға қазақстандық футболшылар көбірек қатысатын болады. Бұған күмәніңіз болмасын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров