Жарнама
Жарнама

Әлібек Қасым қатарынан төртінші матчта гол соғып, командасына бір ұпай сыйлады

03.05.2021, 23:06
Қасым осы қалпынан танбаса Қазақстан құрамасына шақырту алады.
Жарнама
Жарнама

"Қызыл-Жар" Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы туры қарсаңында алматылық "Қайратты" қабылдады. Кездесу Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы алғашқы голды "Қайраттың" белоруссиялық қорғаушысы Денис Поляков 28-минутта соқты. 75-минутта Камо Оганесян қақпашымен жеке-дара шығып гол соға алмады. "Сен соқпасаң, саған соғамын" деген қағиданы ұстанған Андрей Карпович шәкірттері үш минуттан соң есепті теңестірді. Бұрыштамадан асырылған пасты Әлібек Қасым қақпаға дәл бағыттап, қатарынан төртінші матчта гол соқты.

Бір ұпайды қанағат еткен петропавлдық ұжым 14 ұпаймен бесінші орынын сақтап қалды. 16 ұпайы бар "Қайрат" бір саты жоғары тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров