Жарнама
Жарнама

Әлібек Қасым Қазақстан құрамасына шақырту алды

20.05.2022, 03:40
Әлібек «Ақтөбе» клубынан ұлттық құрамаға шақырту алған жетінші ойыншы болды.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» қорғаушысы Әлібек Қасым да Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Бұған дейін «Ақтөбе» сапынан кеңейтілген тізімге Стас Покатилов, Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов, Рамазан Оразов, Арман Кеңесов және Максим Самородов енген болатын.

Маусым айында Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасы аясында Әзірбайжан, Словакия (2 рет) және Беларусь құрамаларымен ойнайды.

Айта кетейік, ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 24 мамырда басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров