Фото: rossoneri-fans.ru
Массимилиано Аллегри команданың бас бапкері болып қалды, дейді итальяндық БАҚ өкілдері.
11-ші қарашада «Миланның» иесі Сильвио Берлускони мен вице-президенті Адриано Галлиани кездесу өткізіп, команданың болашағы жайлы сөйлесті. Естереңізге сала кетсек, «Милан» қазіргі уақыта Серия А-да 13 ұпаймен 11 орында тұр. Дегенмен, бұндай нәтижеге қарамастан клуб басшылығы Аллегриді орнынан босатпайтындығы жайлы мәлімдеді.