Жарнама
Жарнама

Аллер «Вест Хэмнен» «Аяксқа» ауысты

08.01.2021, 20:45
Аллер бағын Нидерландыда сынап көрмек.
Жарнама
Жарнама

“Вест Хэм Юнайтед” шабуылшысы Себастьян Аллер “Аякстың” қатарын толықтырды. Бұл туралы “Аякстың” баспасөз қызметі хабарлады.

Нидерландылық клуб кот-д’ивуарлық шабуылшы үшін 22,5 миллион еуро төлеген. Келісімшарт 2025 жылдың маусымына дейін жазылған және 22-нөмірмен өнер көрсететін болады.

2019 жылдың жазында Аллер франкфурттық “Айнтрахт” сапынан “Вест Хэмге” 50 миллион еуроға ауысқан. Сөйтіп “балғашылардың” тарихындағы ең қымбат трансфер атанған еді.

26 жасар шабуылшы ағымдағы маусымда 19 ойынға қатысып, жеті гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров