Жарнама
Жарнама

Алмас Құлшынбаев: бірінші болып доп өткізіп алмау өте маңызды

23.07.2025, 11:40

Белгілі бапкер Алмас Құлшынбаев «Аладоп.кз» тілшісімен сұқбаттасып, алматылық «Қайраттың» ЧЛ 2-іріктеу кезеңіндегі мүмкіндігін бағалады.  

"КуПС" - "Қайрат" кездесуінен
Жарнама
Жарнама

- Кешегі кездесу жайлы не дейсіз?

- Бірінші тайм көңілден шыққан. Ал үзілістен кейін... Екінші таймда алматылықтар өздерінің мүмкіндіктерін іске асыра алған жоқ. 2:0 жеңілді. Бірақ бұл сондай бір қасірет емес. Мысалы, сол финляндиялық «ХИК» командасы сырт алаңда 0:4 болып ойсырай ұтылып, қарымта кездесуде 5:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге шықты. Сол теке-тіресте де 4:0-ден кейін бәрі бітті деуге болар еді ғой. «ПСЖ» - «Барселона» матчында да осыған ұқсас ситуация болмады ма? 4:0 жеңіп тұрып... Сондықтан, бұл жұпта әлі ештеңе шешілген жоқ, бәрі мүмкін.

- Енді жалпы Қазақстан чемпионының келесі кезеңге өту мүмкіндігі қандай?

- Финляндиялық команда «Қайраттан» мықты емес. Өткен жолы да айтып едім – Алматының географиялық орналасуы, ауа-қысымы, осының барлығы-барлығы футболшылардың төзімділігіне кәдімгідей әсер етеді. Шынымды айтсам, «Қайрат» бірінші бәсекеде ұтылмайды деп ойлағам, бірақ олай болмай шықты. Бірақ, бәрібір алматылықтар бұл гандикапты қайтарады, ал одан ары қарай қосымша тайм, мүмкін пенальти сериясын көріп қаламыз. Иә, мұндай вариант та ықтимал. Қалай дегенде де, мен ары қарай «Қайрат» өтеді деген ойымда қаламын. Оның үстіне қазір сырт алаңдағы голдың артықшылығы деген дүние жоқ. Бастысы, өз алаңымызда гол жібермеуіміз керек, әсіресе, бірінші болып доп өткізіп алмау өте маңызды. Өйткені, мұндай жағдайда тапсырманы орындау мүмкін емес болады. Сол үшін қақпаны сақтау маңызды. Ал «Қайрат» кемінде екі гол соғуы тиіс.  

«Қайрат» 29-шілдеде «КуПС-ты» қабылдап, келесі кезеңге өтуге тырысып көреді. Бұл бәсеке 20:00-де басталады.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров