Жарнама
Жарнама

Алмас Құлшынбаев «Қайраттың» ЧЛ-дағы қарымта ойыны жайлы: алматылық клуб өз алаңында тәуір ойнауы тиіс

14.07.2025, 14:38

Біздің тұрақты сарапшымыз Алмас Құлшынбаев  Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» - «Олимпия» Любляна жұбының қарымта кездесуі мен фавориті жайлы пікірімен бөлісті.

«Олимпия» Любляна - «Қайрат» кездесуі
Жарнама
Жарнама

Естеріңізде болса, командалардың бірінші ойыны 1:1 есебімен аяқталған болатын. 

«Қайраттың» ойынын көре алмадым. Бірақ сырт алаңда тиімді нәтижеге қол жеткізіпті. 1:1 деген жаман емес. Енді алматылық клуб өз алаңында тәуір ойнауы тиіс. Бір гол айырмасымен ұтса жетіп жатыр. Бірінші кездесуден кейін «Қайраттың» мүмкіндігін 60 та 40 деп есептеймін. Алматылық клуб сырттағы есепті ескеріп, бір-ақ гол басымдықпен ұтса, соның өзі жетіп жатыр. Солай болар деп үміттенеміз», - деді А. Құлшынбаев «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында. 

«Қайрат» ертең қарымта кездесуде словениялық клубты қабылдайды. Бұл матч 20:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров