Танымал маман Алмас Құлшынбаев «Аладоп.кз» сайтының тілшісіне «Қайраттың» Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы жайлы ойымен бөлісіп, болжамын айтты.
Айта кетейік, бұл кезеңде алматылық клуб Финляндия чемпионы «КуПС» командасымен кездеседі.
«Қайраттың» ұтатынына күмәнім болған жоқ. Ендігі қарсыласы жайлы? Финляндиялық командалармен жақсы таныс емеспін. Ал фин футболшылары негізінен шетелдік лигаларда өнер көрсетеді. Финляндия чемпионаты біздікінен мықты емес. Айтып тұрмын ғой, ол жақтың біріншілігінен көп хабардар емеспін. Қалай дегенде де, алматылықтардың жеребемен жолы болды. Жеңуге болатын қарсылас. Оның үстіне бізде қарымта матчтың басымдығы бар екен. Бірінші ойынға да көп дүние байланысты. Сырт алаңда барынша сәтті ойын өткізіп келу маңызды. Жоқ дегенде тең ойнап, ұтып жатса тіптен керемет болатын еді. Тіпті, бір гол айырмасымен ұтылса да ештеңе жоқ», - деді отандық бапкер.
ҚПЛ чемпионы алғашқы кездесуін 22/23-шілдеде сырт алаңда өткізсе, жауапты ойын 29/30 шілдеде Алматыда болады. Егер алматылықтар үшінші кезеңге шықса төмендегідегі клубтардың бірімен жолғуы ықтимал:
«Копенгаген» (Дания)
«Црвена Звезда» (Сербия)
«Ференцварош» (Венгрия)
«Маккаби Тель-Авив» (Израиль)
«Слован Братислава» (Словакия)
«Карабах» (Әзербайжан).
Біздің серіктес: FONBET