Жарнама
Жарнама

Алмас Құлшынбаев Конференциялар Лигасындағы «Астана» - «Зимбру» кездесуі жайлы: бұл жұпта «Астана» айқын фаворит

07.07.2025, 13:34

Отандық бапкер Алмас Құлшынбаевпен Еурокубокте ел намысын қорғайтын клубтарымыздың мүмкіндігі жайлы тағы бір кішігірім сұқбат құрдық.

«Астана» футболшылары голдарын тойлауда
Жарнама
Жарнама

Осы жолы танымал маман Конференциялар Лигасында өнер көрсететін «Астананың» мүмкіндігі туралы пікірімен бөлісті. 

«Қалай десек те «Астана» Еурокубоктерде тәжірибесі мол клуб. Оның үстіне Молдова чемпионатын бізбен тең деуге келмейді, тіпті, кей тұстарда ҚПЛ-ден қалып қоятынын мойындау керек. Меніңше, бұл жұпта «Астана» айқын фаворит. Сондықтан, «Зимбрудан» өтуі тиіс», - деді А. Құлшынбаев «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында. 

Екі команда арасындағы бірінші кездесу 24-шілдеде Астанада, ал қарымта ойын 31-шілдеде Кишиневте өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров