Жарнама
Жарнама

Алмас Құлшынбаев «Ордабасының» қарымта кездесудегі мүмкіндігі жайлы: ойын соңындағы пенальти сериясын көріп қалуымыз ықтимал...

11.07.2025, 18:24

Біздің сайттың тұрақты сарапшысы Алмас Құлшынбаевпен тілдесіп, «Ордабасының» Конференциялар Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі аяқ-алысы жайлы сұрадық.

«Торпедо» Кутайси - «Ордабасы» кездесуі
Жарнама
Жарнама

Танымал маман шымкенттік клубта келесі кезеңге өтетін жақсы мүмкіндік бар деп есептейді. 

«Торпедоны» өтуге болады деп есептеймін. Грузиялық клубпен оқу-жаттығу жиындарында ойнағанбыз, ұтуға болады. Оларға қарсы «Жетісумен» де жаман өнер көрсеткен жоқпыз, тең түстік. Бір гол сондай көп басымдық емес қой, шымкенттік клуб өз алаңында мәселені шешуге тырысып көреді. Бірінші ойында көп гол өткізіп алды, бірақ өздері де салып кетті. Бұл жерде мүмкіндік 50-де 50. Екі доп айырмасымен ұту қиын болатын шығар, мүмкін матч тағдыры қосымша уақытта шешіледі, ал мүмкін ойын соңындағы пенальти сериясын да көріп қалармыз», - деп түйіндеді ойын белгілі бапкер. 

Командалар арасындағы қарымта кездесу 17-шілдеде Шымкентте өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров