Жарнама
Жарнама

Алмас Құлшынбаев: «Қарсыластың екі голын ережені бұзу арқылы тоқтатуға болатын еді»

18.11.2020, 15:11
Жастарымыз өз тобында төртінші орынға ие болды.
Жарнама
Жарнама

21 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Алмас Құлшынбаев Фарер аралдарына қарсы (2:3) ЕУРО-2021 іріктеу матчының нәтижелері туралы пікір білдірді:

- Біздің чемпионат батыстан гөрі кеш басталғандықтан, бәрі қиынға соқты. Оқу-жаттығу жиынына іс жүзінде уақыт болмады - екі күн ғана дайындалдық. Егер осы ойын туралы айтатын болсақ, өте өкінішті жеңіліс болды. Фарер аралдарынан үш гол жіберу деген... Футбол тілімен айтқанда, бұл төрт соққы - үш гол. Бізде үлкен басымдық болды, бірақ біз қарсы шабуылдарды жіберіп алдық. Жігіттер мені тыңдамады: қарсыластың екі голын ережені бұзу арқылы тоқтатуға болатын еді. Фарер аралдары құрамасының еңбегін төмендетпей, голдарын елемеуге болмайды. Соңғы сәтте матчты құтқаруға болатын еді, бірақ сәттілік жетіспеді. Нәтижесінде жеңіліп қалдық. Мен жастар құрамасының ойыншылары ең болмағанда бірінші лигада ойнағанын, олардың ойын практикасын алуы үшін қандай да бір шектеу қойғанын қалаймын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров