Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды өзінің Instagram парақшасында "Қайрат" футбол клубын 2025 жылғы Қазақстан Премьер лигасындағы чемпиондық атақпен құттықтады.
Әкімнің айтуынша, Алматылық клубтың қатарынан екінші рет ел чемпионы атануы – тек спорттық жетістік емес, қаланың дамып келе жатқан спорт мәдениетінің айғағы.
"Қайратты” лайықты жеңісімен құттықтаймын! Команда қатарынан екінші рет өз басымдығын дәлелдеп, ел чемпионы атанды. Футболшылар тағы да көшбасшы мәртебесін айқындап, Қазақстан намысын халықаралық аренада қорғайтын болады. Бүгін Орталық стадионда мен клуб академиясының тәрбиеленушілеріне 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша марапаттар табыстадым. Олардың жетістіктері — Алматыда футбол мен спорттың қарқынды дамып келе жатқандығының жарқын дәлелі." — деп жазды Дархан Сатыбалды.
Біздің серіктес: FONBET