Жарнама
Жарнама

Алматы міндетін атқаруға дайын

19.10.2011, 00:22
Жарнама
Жарнама
Алматы қаласында сәрсенбі күні 17 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Европа Чемпионаты-2012 іріктеу турнирі бастау алады. Осы жылдың сәуірінде өткен футбол бойынша УЕФА Кубогының «төрттік финалын» есепке алмағанда, осынау деңгейдегі турнир Алматыда бірінші рет өткізілгелі тұр. Қазақстан командасы топтан озық шығуы үшін чехиялық, ирландық және Лихтенштейннен келген құрдастарымен иін тірестіретін болады. Толығырақ күнтізбе мен журналистерді аккредитациялау жөніндегі ақпараттар ретімен біздің сайтта таныса аласыздар. Барлық матчтарға кіру тегін, 6 кездесудің 5-еуі Алматының Орталық стадионында өтеді, бір кездесуді «Динамо» стадионы қабылдамақ. Ал турнирдің форматына келер болсақ, айтарымыз жетерлік. 17 жасқа дейінгі Европа Чемпионаты 2001/02 жылдағы маусымнан бері әр жылы өткізіліп келе жатыр. Ол іріктеу және элиталық кезеңдерден тұрады, 8 команда жарысатын ақтық кезеңі мамыр айына жоспарланады. Бұдан шығар қорытынды, бұл квалификация – 10-ыншы рет өткізілгелі отырған турнирдің мерейтойы. Іріктеу кезеңі күзде төрт командадан тұратын топтарға арналған мини-турнир бойынша өтеді. Квартеттердің әр екі жеңімпазы үшінші орын алғандардың үздіктері элиталық кезеңге өтпек. Онда командаларды төртеуден біріктіріп, жеті топқа бөледі. Жеңімпаздар ақтық кезеңге алаң иелерімен қатар өтеді, яғни біздің команда топтан шықса, ол ақтық кезеңге тағы бір мини-турнир арқылы жетеді. Ал әрі қарай екінші кезең жеті тобының жеңімпаздары ғана жалғастырмақ. Ақтық кезеңге қатынасушы сегіз команда 2 топқа бөлініп, жеңімпаз төрттік жартылай финалда жолығады. Егер турнир тақ жылы өтетін болса, бұл 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу турнирі қызметін қоса атқарады. 16 жасқа дейінгі Европа Чемпионаттарын бірнеше жылдар бойы тек испандықтар мен португальдықтар ұтып келеді. Бірақ 17 жасқа дейінгі ойыншылардың алғашқы турнирінде жұрттың бәрін таңдандырып, швейцарлықтар жеңімпаз атанды. Швейцарлықтар өздерінің жанкүйерлерін жарқын ойынымен қуантып, болашақта да олармен санасу керектігін көрсетіп берді. Десек те, 2003 жылдың ақтық кезеңінде аталмыш команданың аты аталмады, өйткені жасөспірімдер құрамаларының бәсекелестігі күннен-күнге қарқындап өсіп келеді. 2003 жылы жеңімпаз атағы турнир иелері португалдықтарға бұйырды, келесі жылы француздықтар өз алаңында ұтып шықты. 2005 жылы Италияда түріктер құрдастарынан артық түсті, ал Люксембургте алтын Ресей командасының еншісіне жазылды. 2010 жылы Лихтенштейнде ағылшындықтар турнирдің барлық 11 матчын ұтып, алға шықты. 2011 жылы ЕЧ-2009 немістерге жол беріп қойған голландықтар Сербияда өткен шешуші матчта есесін қайтарды - 5:2. 16 жасқа дейінгі Европа Чемпионаттары 1982 жылдан бастау алған, бұл турнирден үлкен футболға жолдама алған әлемдік деңгейдегі футболшылар Тьерри Анри, Луиш Фигуді атауға болады. 2002 жылы турнирде швейцарлық Филипп Сендеростың, ағылшын Уэйн Руни мен португалдық Криштиану Роналдудың жұлдызы жарқырап жанды. Осы жас бойынша Пиреней түбегінің құрамалары да біршама жетістікке жеткен – испандықтар біріншілікте сегіз рет жеңген (алты рет 16 жасқа дейінгілердің арасында), ал португальдықтар 5 рет жеңіс тойын тойлады. Бұл күнде немістердің екі титулы бар, 16 жасқа дейінгілердің арасында Швейцария, Ирландия, Түркия, Польша, Чехословакия, Италия және КСРО құрамалары бір реттен чемпион болған. Әр турнирдің ақтық кезеңінен кейін uefa.com «алтын ойыншыны» анықтайтынын да атап өту керек. Әр жылдарда бұл ойыншылар қатарынан дарынды футболшылар орын алған. Сіздердің назарларыңызға бұл құрметті атақты иеленген футболшылар тізімін ұсынамыз: 2002: Уэйн Руни (Англия) 2003: Давид Родригес (Испания) 2004: Сеск Фабрегас (Испания) 2005: Нури Шахин (Түркия) 2006: Тони Кроос (Германия) 2007: Боян Кркич (Испания) 2008: Даниэль Алексич (Сербия) 2009: Беньямин Зигрист (Швейцария) 2010: Коннор Уиххэм (Англия) uefa.com сайты бойынша жасалған материал
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Аладоп Афишасы