Алматы қаласының полиция департаменті 21 қазан күні өтетін Чемпиондар лигасының “Қайрат” — “Пафос” матчы кезінде қауіпсіздік шараларын барынша күшейтпек.
Мәліметтерге сәйкес, полиция қызметкерлері матч уақыты кезінде қаладағы негізгі бағыттарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, баспасөз қызметі ойын кезінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін екенін хабарлады.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралды.
Алматы қалалық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Нұғайбаевтың айтуынша:
“Полиция матчтың тыныш әрі қауіпсіз өтуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Мұндай ірі іс-шаралардың қауіпсіздігі тек құқық қорғау органдарына ғана емес, азаматтардың тәртібі мен жауапкершілігіне де байланысты. Сондықтан жанкүйерлерден тәртіп сақтауды және полиция қызметкерлерімен ынтымақта болуды сұраймыз.” — деді ол Polisia.kz-ке берген мәлімдемесінде.
Біздің серіктес: FONBET