Жарнама
Жарнама

Алматы ұжымы бапкерсіз қалды

Бірінші лиганың турнир кестесінде 15 орында келе жатқан ұжымды енді кім жаттықтырмақ?

Жарнама
Жарнама

“Хан-Тәңірі” ұжымы бас бапкер Алмас Құлшынбаевты қызметінен босатты.

49 жастағы маман Алматы командасын осы жылдың 20 қаңтарынан бастап жаттықтырып келді. Оның баптауымен “Хан-Тәңірі” командасы 20 ойын өткізіп, соның 7 жеңіп, 2 тең ойнап, 11 жеңіліс тапты. Қазірде оңтүстік астана командасы Бірінші лиганың турнир кестесінде 15 орында келеді.

Алмас Жақанұлы бапкерлік мансабында “Сұңқар”, “Спартак” Семей, “Жетісу”, Қазақстан U-17, U-21 командаларын жаттықтырды. 

Құлшынбаев 2010/11 жылғы маусымда “Сұңқар” ұжымымен Бірінші лигада чемпион атанған. Бұл жетістік бапкер мансабындағы ең айтулы марапаттардың бірі екенін айта кетейік. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров