AKAS ФК баспасөз-қызметі қос ойыншысының командадан кеткенін хабарлады.
Дархан Медельхан мен Диас Искаков AKAS ФК өнер көрсетпейтін болды. Қос қаптал вингері Бірінші лигада 10-нан астам кездесу өткізді. Бірақта ойыншылар клубтың шабуылшыға талап етілген міндеттерін толық орындай алмады. Шабуылшылар гол тұрмақ түгілі, командаластарына нәтижелі паста бермеді. Осы себептен, AKAS алдағы жоспарын Диас пен Дархансыз елестетуде.
Еске салайық, алматылық команда ауысымда күні бүгінге дейін Бекзат Жақсыбайұлы, Мұстафа Рейисов және Роман Павиничті басқа командаларға кетуіне мүмкіндік берген еді.
Бірінші лиганың турнир кестесінде AKAS 13-тур қорытындысы бойынша 19 ұпаймен 6 орында келеді. Бұл команданың келесі кездесуі 17 шілде күні “Түркістанға” қарсы өтеді.
Біздің серіктес: FONBET