"Қайраттың" иесі Қайрат Боранбаев "Реалға" қарсы өтетін ойынға байланысты үлкен тікелей эфир ұйымдастыру ниеті жайлы айтты.
"Алматыда бір алаңға 50 мың адам сыйып кететіндей жағдай жасап, "Қайрат" – "Реал” матчын үлкен экраннан көрсеткіміз келеді. Осы арқылы аренаға сыймаған жанкүйерлерді бір жерге жинамақпыз." – деді кәсіпкер.
Сондай-ақ ол Еуропа турнирлері тек бедел ғана емес, әрбір матч үшін УЕФА-дан берілетін төлемдер арқылы айтарлықтай қаржылық қолдау әкелетінін атап өтті.
Біздің серіктес: FONBET