Жарнама
Жарнама

Алматыда “Реал” футболшыларын жанкүйерлер қоршап алды

29.09.2025, 11:00

"Реал Мадрид" жұлдыздарын әуежайда күтіп ала алмаған жанкүйерлер басқа мүмкіндікті пайдалануға шешім қабылдады.

Жарнама
Жарнама

Мадридтік клуб ойыншылары InterContinental қонақүйіне орналасып жатқан сәтте жанкүйерлер оларды қоршап алып, қолтаңба мен суретке түсуге тырысты. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бұл сәт өте әсерлі әрі аздап қарбаласқа толы болды – кейбір футболшылар жанкүйерлердің ыстық ықыласына таңғалып, кейбірі сәл абдырап қалды.

Бұл көріністің видеосы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыланып жатыр. 
 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров