Алматыда Төтенше жағдайлар департаментiнің ұйымдастыруымен аталмыш мекеменің өртке қарсы гарнизонында шағын футболдан қызметтiк парызын орындау кезінде қаза болған,
№ 6 өрт сөндіру қызметі бөлімінің сержанты Балабек Ахмедовты еске алуға арналған жарыс болып өтті.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын аталып өтетін жарыс Алматы қаласының ТЖ департаментінің Өрт сөндіруші және авариялық құтқару қызметінің № 6 Өрт сөндіру бөлімшесі ұжымы бастамашылығымен дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қайғылы оқиға 1990 жылы 3 қаңтарда Әуезов және Абай көшесі маңындағы құрылыс алаңында таңертең болған еді. Өрт сөндіруші қызметтiк парызын орындау кезінде 29 метрлік баспалдақтан құлап, қаза тапты.
Екі күнге созылған жарысқа Медициналық ақпараттық орталығы, Алматы қаласының Құтқару қызметі, «Қазавиа құтқару» АҚ, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ, Алматы қаласының және Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменттері ұжымынан жасақталған 21 команда қатысты.
Турнир нәтижесі бойынша Алматы облысының ТЖ департаментінің құрама командасы үздік ойын көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Алматы қаласының ТЖД-не қарасты № 4 Өрт сөндіру бөлімшесінің командасы иеленді. Ал үшінші орынды Алматы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ №12 өрт сөндіру бөлімшесі еншіледі.