Бүгін Алматының "Орталық" стадионында өтетін, турдың ең шулы матчы қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Қайрат" пен "Ақтөбе" арасындағы принципиалды текетірес кезіндe полиция ешқандай заңсыздыққа жол бермеуді көздеп отыр.
Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдулдинов жанкүйерлерге арнайы үндеу жасады. Оның айтуынша, футбол – бұл эмоция мен қолдау, бірақ бұл заңды белшеден басуға рұқсат деген сөз емес. Тәртіп сақшылары стадион ішінде де, сыртында да қатаң бақылау орнатпақ.
ZTB порталының хабарлауынша, полиция келесі әрекеттердің кез келгені үшін жауапкершілікке тартатынын ашық айтты:
– Агрессия мен арандату
– Тіл тигізу
– Бұзақылық жасау
– Тыйым салынған заттар қолдану
Тәртіп бұзуға бағытталған кез келген әрекеттің жолы жедел түрде кесіледі. Стадион маңында полиция жасақтары күшейтіліп, арнайы бақылау камералары іске қосылған.
"Заң мен қоғамдық тәртіпті сақтау – басты басымдық. Кез келген бұзақылық әрекетке қатаң шара қолданылады." – деп атап өтті полиция департаменті.
Біздің серіктес: FONBET