Жарнама
Жарнама

Алматыда жаңадан құрылған клуб Екінші лигаға қатыспақ

11.02.2022, 23:37
Екінші лигаға оңтүстік астанадан төрт бірдей команда қатыспақ.
Жарнама
Жарнама

Екінші лиганың жаңа маусымына Алматыдан жаңа клуб қатысады, деп хабарлайды KazFootball.kz.

2021 жылы Алматыда «Академия-05» атты жаңа клуб құрылды, ол биыл Екінші лигаға қатысуды жоспарлап отыр. Бас бапкер қызметіне Талғат Есжанов тағайындалды. Оған «Лашынның» бұрынғы ойыншысы Алмас Есмырзаев пен Дидар Байсов көмектесуде.

Еске салайық, бұған дейін «Хан Тәңірі» деген клуб Алматының атынан Екінші лигаға қатысатынын хабарлаған болатын. Одан бөлек, бұл өңірдегі «Жас Қыран» мен «Рузаевка» да Екінші лигада бақ сынайтын болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров