УЕФА Алматыда қыс мезгілі суық болған жағдайда "Қайраттың" өз алаңындағы ойындары өткізбей қоюы ғажап емес.
Жалпы турнир регламентіне сәйкес, қыс мезгілінде командалар сынап бағанасы -15 градусқа дейінгі ауа-райында матч өткізе береді. Бұл дәрігерлердің кеңесімен бекітілген ереже. Алайда термометр көрсеткіші -15 градустан жоғары болса, онда футболшылардың доп тебуі өздерінің денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін. Сол себептен УЕФА қыс мезгіліндегі кездесулердің өтуі тәртібіне баса назар аударады.
Мәселен, бізге биылғы қыс маусымы барысында “Олимпиакос” пен “Брюгге” командасы келеді. “Қайрат” пен гректер арасындағы ойын 9 желтоқсанға жоспарланған. Ал бельгиялықтар болса, 2026 жылдың 20 қаңтарында Орталықта өнер көрсетеді.
Бағымызға орай, сол уақыттағы ауа-райы “Қайратқа” қарайласып тұр екен. Мысалы бірінші кездесуде термометр сынап бағанасы -8 көрсетсе, келесі жылдың ойынында -11 градустың суығы болатынын меңзеп отыр. Ал бұндай ауа-райы көрсеткішінде матч өткізуге еш кедергі жоқ.
Оның үстіне қазірде еурокубоктік кездесулердің уақытын ертерекке ауыстыру мәселесі көтерілуде. Егерде алдағы уақытта бұл жоспар іске асса, онда күн қатты суымай кездесулерді өткізіп алуға мүмкіндік туады.
Біздің серіктес: FONBET