Жарнама
Жарнама

“Алматыдан қашып кетті” – Грузиялық ойыншы Боранбаевтың өтінішіне неге құлақ аспады?

Бүгін, 12:49

Грузиялық легионер Гиорги Зария "Қайраттан" кетуінің шынайы себебін ашып айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Президенттің өтініші де, тиімді ұсыныстар да оны тоқтата алмаған.

Зарияның айтуынша, оған деген сұраныс өте жоғары болған. Тіпті клуб президенті Қайрат Боранбаевтың өзі онымен жеке сөйлесіп, командада қалуын өтінген. Бұдан бөлек, футболшының қолында бірнеше елден тиімді келісімшарттар болған яғни Украина мен Кипрден нақты ұсыныстар түскен және Ресейлік клубтар да қызығушылық танытқан.

Алайда Гиорги Қазақстанда қалудан үзілді-кесілді бас тартқан. Оның бұл шешіміне екі маңызды фактор әсер етіпті:

– Мотивацияның таусылуы: "Мен "Қайратта” өзімді толықтай сарқып біткендей сезіндім. Жаңа белестер мен өзгеше орта қажет болды.” — дейді футболшы.

– Денсаулық мәселесі (Жасанды алаң): Қазақстан стадиондарының басым бөлігіндегі жасанды газон Зарияның денсаулығына кері әсерін тигізген.

"Жасанды алаңда ойнау тізем үшін өте ыңғайсыз болды.” — деп мәлімдеді легионер.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров