Жарнама
Жарнама

«Алматылықтар бұл мәселені дер кезінде шешкенге ұқсайды..» Белгілі бапкер «Қайраттың» ойынына тәнті!

16.07.2025, 18:48

Танымал маман Алмас Құлшынбаев «Аладоп.кз» сайтына сұқбат беріп, алматылық «Қайраттың» Еурокубоктегі аяқ-алысына қатысты пікірін білдірді.

«Қайрат» футболшылары голдарын тойлауда
Жарнама
Жарнама

Кеше Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын ҚПЛ чемпионы ЧЛ-ның бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесуде словениялық «Олимпия» Люблянаны қапы қалдырып, қос ойын қортындысында келесі кезеңге өтті (1:1, 2:0). 

«Қайратта» біраз уақыт бұрын кішігірім ойын дағдарысы болған, бірақ қазір ол артта. Алдыңғы шепте нәтижелі деген қос шабуылшы Сантана мен Жоао Пауло бірден қатардан шығып қалды. Бұл да өз әсерін тигізгені анық. Бірақ, алматылықтар бұл мәселені дер кезінде шешкенге ұқсайды. Жаңа футболшылар алып, ойынды тұрақтандырғандай. Команда құрамы да бірқалыпқа келген сияқты. Екінші командада доп тепкен жігіттер де ойнап жүр, мысалы, кеше Мрынский гол салды. Бұл жағдай шыныменде қуантады. Александр Қазақстан U 17 құрамасының да намысын қорғады», - деп түйіндеді өз ойын А. Құлшынбаев. 

ҚПЛ чемпионы алғашқы кездесуін 22/23-шілдеде сырт алаңда өткізсе, жауапты ойын 29/30 шілдеде Алматыда болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров