Жарнама
Жарнама

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының элиталық раундында франциялық клубты жеңе алмады

03.12.2021, 23:41
Кака шәкірттері қазір бабында тұрған жоқ.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының элиталық раундындағы екінші ойынын өткізді. Рикардо Кака баптайтын команда франциялық «Аньер-Вильневпен» тең (3:3) ойнады.

Алматылықтар үшін бұл кездесу сәтсіз басталды. 14-минутта қарсылас Гальвао Да Сильва мен Болиньяның дәл соққысынан кейін 0:2 есебімен алға шықты. Оның үстіне бірінші гол қазақстандық клубтың қорғанысындағы өрескел қателіктің нәтижесінде жіберілді.

Бір қуантарлығы, алматылықтар үзіліске дейін Эдсонның күшімен (15-минут) есеп айырмасын қысқартып алды. Ал екінші таймның басында Диего Фаверо таразы басын теңестіріп қана қоймай, дубль жасап, командасын алға шығарды. Алайда, «Қайраттың» жанкүйерлері көп қуанған жоқ, 33-минутта Сухеиль Мухудин жауапты голды соғып кетті

Келесі ойынды «Қайрат» 5 желтоқсанда «Тюменьге» қарсы өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров