Жарнама
Жарнама

Алматының аязы “Қайрат” қарсыластарына қиынға соғама?

29.08.2025, 14:10

Ресейлік "Евро-Футбол.Ру" порталы хабарлағандай, Алматыдағы қыстың қақаған аязы –20 °C-қа дейін жетуі мүмкін, ал бұл өз кезегінде Чемпиондар лигасында "Қайраттың" қарсыластарына үлкен сынақ болуы ықтимал.

Жарнама
Жарнама

УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің жеребесі тартылып, турнирдің дебютанты Алматылық “Қайрат” өз қарсыластарын білді. Олардың ішінде басты назарды өзіне аудартатыны әйгілі Мадридтік “Реал”. Қазақстандық клуб Испан алпауытын Алматыдағы Орталық стадионда қабылдайды.

Мәліметтерге сүйенсек, “Қайраттың” алаңы саналатын бұл стадион 23 804 жанкүйерді сыйдыра алады.

“Реалдан” бөлек, “Қайрат” өз алаңында Бельгиялық “Брюггені”, Гректің “Олимпиакосын” және Кипрдің “Пафосын” күтіп алады.

“Алматыда қысқы кештерде ауа температурасы кейде –20 градусқа дейін төмендейді. Бұл жағдай “Қайраттың” қарсыластарына қазақ жерінде ойнауды айтарлықтай қиындатады.” – деп жазады сайт.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров