"Челсидің" бас бапкері Фрэнк Лэмпард "Вест Бромвич Альбион" клубына қарсы ойыннан (3:3) кейін барлық ойыншылардың алдында Маркос Алонсоны сынның астына алды.
Өздеріңіз білетіндей, Алонсо кездесудегі үзіліс кезінде алмастырылған болатын. Алонсо матчтың қалған бөлігін қосалқы құрамдағы ойыншылармен бірге көрудің орнына автобусқа кетіп қалған екен. Дәл осы әрекет Фрэнк Лэмпардтың ашуын тудырды, ол бүкіл команда алдында ойыншыны қатты ұрысты.
Тhe Athletic басылымының хабарлауынша, Лэмпард бұрын-соңды бұлай ашуланбаған екен. Лэмпардтың атап көрсеткеніндей, бүкіл команда ерік-жігер мен мінез көрсетіп, кем дегенде бір ұпай алу үшін тырысқан кезде, Алонсо өзін командаға мән бермейтін және өзін ғана ойлайтын футболшы ретінде көрсеткен.
Кейбір ақпарат көздері бұл жағдайды былай баяндады: "Ойыншылар арасында әңгіме болды. Олар мұндай менеджерді ешқашан көрмегендерін айтты. Бұл ойыннан кейін болған әңгіме, бапкер Алонсоның әрекетіне қатты ашуланды. Кейбір ойыншылар Алонсо "Челсиде" тағы ойнаса, қатты таңғалатындықтарын мойындады", - деп хабарлады.
Біздің серіктес: FONBET